Бағдарлама функцияларына қатынасу құқықтарын конфигурациялау. Рөлге негізделген қатынасуды басқару

Kaspersky Security Center бағдарламасы рөлдер негізінде Kaspersky Security Center функцияларына және "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламаларының функцияларына қатынасуды қамтамасыз етеді.

Сіз Kaspersky Security Center пайдаланушылары үшін бағдарлама функцияларына қатынасу құқығын келесі тәсілдердің бірімен конфигурациялай аласыз:

Пайдаланушы рөлдерін қолдану пайдаланушының бағдарламаға қатынасу құқығын конфигурациялаудың күнделікті әрекеттерін жеңілдетеді және азайтады. Рөлдегі қатынасу құқықтары пайдаланушылардың типтік тапсырмалары мен қызметтік міндеттеріне сәйкес конфигурацияланады.

Пайдаланушы рөлдеріне олардың мақсатына сәйкес атаулар берілуі мүмкін. Бағдарламада рөлдердің шексіз санын жасай аласыз.

Сіз алдын ала анықталған пайдаланушы рөлдерін бұрыннан конфигурацияланған құқықтар жиынтығымен бірге пайдалана аласыз немесе рөлдер жасай аласыз және қажетті құқықтарды өзіңіз конфигурациялай аласыз.

Бұл бөлімде:

Бағдарлама функцияларына қатынасу құқықтары

Алдын ала анықталған пайдаланушы рөлдері

Нысандар жиынтығына қатынасу құқықтарын тағайындау

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу